KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Өскеменде "Шаңырақ" жобасына қолдау көрсетуге ниетті кәсіпкерлер қатары артуда

11.06.2020, 04:53 158

Өскеменде "Шаңырақ" әлеуметтік жобасына қолдау көрсетіп, дамуына үлес қосып жүрген жүрген кәсіпкерлердің қатары артып келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, бұл әлеуметтік жоба қала әкімі Жақсылық Омардың бастамасымен жүзеге асырылған болатын. Бизнес өкілдері қала басшысының бастамасына қолдау көрсетіп, көпбалалы отбасыларды жеңілдіктер пакетімен қамтамасыз етіп отыр. "Шаңырақ" картасын алған отбасыларға мемлекеттік және коммерциялық мекемелерде жеңілдіктер мен бонустар беріледі.  Қазіргі таңда мұндай картаны қаладағы 2000 отбасы пайдалануда.

Кеше әлеуметтік жобаға тағы 9 кәсіпкер қосылып, қала әкімдігімен жасасқан меморандумға қол қойды. Олардың арасында азық-түлік, балалар киім-кешектері мен аяқ-киімін, кеңсе тауарларын саудалайтын кәсіпкерлер бар: «Маме на радость» дүкені, «Moldir_beauty» сұлулық салоны, «Жемчужинка» фитнес орталығы, жүкті әйелдерге арналған киім-кешек дүкені, «Страна чудес» мектепке дейінгі білім беру мекемесі, KINDERVILLE балалар паркі, «Virgo» балаларға арналған киім-кешек дүкені, «Балдырған» дүкені, «Балажан» ЖК.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу