Семейде велосипед мінген жігітті көлік қағып кетті
Семейде велосипед мінген 25 жастағы жігітті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқыс оқиға өткен жексінбі күні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. «Mazda» маркалы автокөлікті тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші ескі көпірде Сол жағалау жақтан келе жатқан. Тротуарда велосипедпен келе жатқан жас жігіт кенет жолды кесіп, арғы бетке өтпек болған көрінеді. Ауыр соққы алған жігіт ауруханаға жеткізілді, комада жатыр.
– Зардап шегушіден жауап алуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Ал жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші сау болған. Мұны медициналық акті растады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апаты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.