ШҚО-да шетелге кететін түлектердің саны азайды
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған «Білікті маман» жобасының аясында өңірде шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны азайды. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.
- Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқуға ниет білдірді. Олардың мұндай таңдау жасауына отбасыларымен бірге қоныс өзге елге қоныс аударулары себеп болып отыр, - деді Сайрангүл Жұмаділова.
Риддер, Курчатов қалалары мен Шемонайха, Алтай аудандарындағы мектеп бітіруші түлектердің шетелге кетуі бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда күрт азайды. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.
- Бүгінде түлектердің 40 пайыздан астамы өңіріміздегі оқу орындарында білім алуды жоспарлап отыр. Қалғандары еліміздің өзге аймақтарында білім алмақ, - деді Сайрангүл Жұмаділова.