Соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші маусымда өтуі мүмкін
Биыл соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін өткізу маусым айына шегеріліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова брифинг барысында мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, әзірше соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін маусым айында өткізу жоспарланған. Алайда елдегі пандемия жағдайына байланысты мерзімдер өзгеруі әбден мүмкін екен.