KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

«Жағажайларда демалушылар маскамен жүреді» - ШҚО

1.06.2020, 04:07 185

ШҚО-дағы лагерлер мен шипажайлар демалушыларды 13 маусымнан бастап қабылдай бастайды.

Облыстың бас мемлекеттік дәрігерінің №11 жаңа Жарлығына сәйкес, Семей қаласын қоспағанда, қалалар мен аудандардың әкімдеріне азаматтарды қонақ үйлерге, туристік лагерлер, демалыс үйлеріне, пансионаттар мен санаторийлерге қабылдауға рұқсат етілді. Сонымен қатар балаларды емдеу мекемелері де бұл санатта бар.

Дегенмен рекреациялық аймақтарда демалып жатқан адамдар маска режимін және кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек.

Ал демалыс аймақтарына басқа облыс, қалалардан келушілер үшін экспересс-тестілеуден немесе ПТР зерттеуінен өткендігі жөніндегі анықтама керек. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесі жеткілікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив