KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ҰБТ нәтижелері қандай жағдайда жойылады?

29.05.2020, 04:58 256

ҰБТ тапсыру кезінде түлектердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО-ның ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.

Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыру рәсімі өзгертілмейді. Коронавирус пандемиясы салдарынан ҰБТ тапсыру үшін құжаттар дәстүрлі нысанмен қатар онлайн тәртібімен қабылданып отыр.

-  Биыл 131 мың өтініш берілді. 2019-2020 оқу жылының соңында облыс мектептерінде 8 204 түлек бар, оның 84,4% (6 921 түлек) ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Ереже бойынша бағалау өзгермеген, міндетті және бейінді пәндер бойынша жүргізіледі. ЖОО қабылдау рәсіміне жаңашылдықтар енгізілді. Соған сәйкес оқуға түсуші шектік ұпай ала алмаса, бірінші  сессия аяқталған уақыт аралығына дейін ақылы бөлімге оқуға тапсыруға құқылы. Бұдан әрі, студент жыл аралығында тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ҰБТ нәтижесі бойынша сертификаттар қағаз түрінде емес, электронды нұсқада беріледі, - деді Зейнеп Махсутова.

ҰБТ барысында түлектер тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса және өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізген болса, сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыра алмайды. ҰБТ аяқталғаннан кейін  25 тамызға дейін бейнебақылау жазбалары талданады екен. Тексеру кезінде түлектердің ереже бұзғаны бұзғаны белгілі болса, олардың ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады екен.

Ағымдағы жылы шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты ата-аналар, педагогтер, бөгде адамдар ҰБТӨП ғимараттары аймағына жіберілмейді. Тест тапсырушылар арасында 2 метр қашықтық сақталады. Санитарлық шаралар күшейтіліп, талапкерлер 5 түрлі залалсыздандырудан өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив