KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау 10 мамырда аяқталады

28.04.2020, 10:27 188

15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыруға онлайн режимде өтініш қабылданып жатыр. Өтініш қаыбладу мерзімі 10 мамырда аяқталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өтініштер ent.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады.

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова брифинг барысында мәлім етті.

Биыл ШҚО-да 8200 түлек мектеп бітіреді екен. Оның ішінде 6473-і тест тапсыруға қатысады деп жоспарланып отыр. Алтын белгіге үміткерлер саны – 746.

ҰБТ мерзімі – 20 маусымнан 5 шілде аралығы. ҰБТ сайтында тесттің 70-ке жуық нұсқасы берілген. Түлектер онлайн режимде тегін дайындала алады.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы тест сұрақтарында көп өзгерістер болмайды. Логикалық сұрақтар жиі кездеседі. Төртінші тоқсанда оқушылар қашықтықтан оқығандықтан, бұл тоқсанда өткен оқу бағдарламасы бойынша сұрақтар тестке енгізілмеген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив