KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Жоғары оқу орындарына қабылдау процедурасы өзгереді

5.05.2020, 21:53 122

Қазақстанда жоғары оқу орнына қабыладу процедурасы өзгереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім департаментінің басшысы Әділет Тойбаев мәлімеді.

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан ҰБТ тапсыруға өтініштер онлайн режимде қабылдануда. Тестілеудің өзінде ешқандай өзгерістер болмайд екен. Алайда ЖОО-ға қабылдау процедурасына өзгеріс енгізілмек.

Мәселен, мектеп бітіруші ҰБТ-да межелік ұпайды жинай алмаса, ол бірінші сессияның соңына дейін ақылы түрде оқиды. Одан кейін студент жыл көлемінде тестті қайта тапсыра алады.

Сонымен қатар, сертификаттарға қатысты да өзгерістер болмақ – маусым айындағы тесттің нәтижелері бойынша сертификаттар қағаз түрінде емес, электронды түрде берілетін болды.

Бұдан бөлек, тест тапсырушылардың жауапкершілігі қатая түседі. Егер тест тапсыруға өз атынан басқа біреуді жіберетін болса, ол оқушы бір жыл бойы ҰБТ тапсыра алмайды. Тест тапсыру барысында қандай да бір бұзушылықтар анықталса, ҰБТ-ның нәтижелері жойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив