KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Алимент төлемей жүргендерге жұма намазы кезінде уағыз айтыңыздар

26.05.2020, 10:51 298

Облыста 700-ге тарта адам алимент төлемей жүрсе, 15 азамат алиментті төлемегені үшін сотталды, деп Altaynews тілшісі хабарлайды. 

Жалпы сот орындаушылардың қолында 18 мыңнан алимент өндіру құжаты бар. 6 мыңдай борышкердің жалақысынан өндіріліп жатыр.

Облыста алимент төлемейтін әкелер саны жылдан жылға артып барады. Әсіресе 636 азамат жалпы құны 300 млн теңге құрайтын алиментті бермей жүр.

Сондай-ақ сот орындаушыларын титықтатып, алименттен қашып жүрген 76 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 153 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы тұр. 

-  ШҚО-ның жеке сот орындаушыларында алимент өндіріп алу туралы 18 251 атқарушылық іс бар, оның ішінде 11 610 құжат мерзімді орындалуда, 6 005 адам өз еріктерімен төлеп жатыр, ал проблемалық 636 құжат бар. Одан бөлек 76 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 153 материал жіберілді, оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 24 іс сотқа жолданды, 15 тұлға сотталды, - деп хабарлайды ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев.

Ермек Ерланұлының айтуынша, борышкерлердің санасын әсер ету үшін әділет департаменті облыс имамына «Жұма намазындағы» уағыз барысында алимент және отбасылық қатынас туралы тарауларға тоқтала кету туралы хатын да жолдаған. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу