KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Глубокое ауданында үздік отбасы анықталды

26.05.2020, 03:56 162

Көпшілікке үлгі болар отбасылар кімдер? Бұны анықтау үшін Глубокое аудандық Достық үйі "Менің отбасым - менің мақтанышым" байқауын  ұйымдастырды.

Жыл сайын өткізілетін бұл байқау биыл ерекше форматта – онлайн өтті.

- Байқауға ауданнан 5 отбасы қатысуға өтініш білдірді. Қатысушылар отбасындағы насихатталатын салт-жоралғыларды, сүйікті ісі пен үй жануарлары туралы айтып, әрбір кезеңге аса ыждахаттылықпен дайындалды. Алтынға бергісіз отбасылық суреттерін көрсетіп, әндерін шырқата орындап, оны бейнежазбаға түсірген. Сондай-ақ, аналар мен қыздары аспаздықтың қыр сырымен бөліскен, - дейді Достық үйінің директоры Айгерім Намазбаеваның.

Айгерім Намазбаеваның айтуынша, байқаудың ерекше форматы оның басты мақсатын өзгерпеген. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар, шығармашылық сайыста өз өнерлерін көрсетіп, жанұя құндылықтарын насихаттаулары керек.

Ал үздік отбасы әлеуметтік желіде пайдаланушылардың дауыс беруімен анықталды. Нәтижесінде төрт отбасы жеңімпаз деп танылған. Олар: Быструха ауылынан Базакановтар отбасы, Секисовка ауылынан Горбаневтер отбасы, Глубокое ауылынан Қайырбековтер отбасы, Перевальное ауылынан Тыныштықбаевтар отбасы.

- Ең көп дауысты Қайырбековтар отбасы жинады. Бірақ біз, ұйымдастырушылар барлығын лайықты деп танып, әр отбасыға сертификаттар мен кәдесыйлар тапсырдық, - дейді Айгерім Намазбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив