Өскемен аумағында қай жерлерде суға шомылуға қатаң тыйым салынған?
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Өскемен аумағында суға шомылуға қауіпті жерлер картасын әзірледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Картаға сәйкес, Өскемен аумағында сегіз жерде суға шомылуға тыйым салынған: Ертіс өзенінің бойында орын тепкен «Колос» және «Урал» саяжай қоғамдары аумағы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың іргесіндегі аралдың су қоймасы, Ертіс жағалауы (Сол жағалау мен Өскемен су электр стансасы аудандары), Самар тас жолы мен Бабкина мельница аудандарындағы су қоймалары, Лесхоз кентінің маңындағы су қоймасы және руда емес материалдар комбинаты жанындағы су қоймасы (котлован).
Аталған орындарда ескерту белгілері орнатылса да, адамдар оған құлақ аспайтын көрінеді. Салдарынан өткен жылы суға шомылу маусымында бес адам суға кеткен екен.