Рұқсат етілмеген жерде шомылғандар қанша айыппұл төлейді
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылғандар Әкімшілік кодекстің 364 бабы бойынша жауапкершілік тартылады. Полиция қызметкерлер бірінші рет ескерту жасап, екінші рет 2 АЕК көлемінде айыппұл салады, – деп түсіндірді ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
Шомылуға тыйым салынған жерлер:
• «Колос» және «Урал» саяжайлар аумағындағы Ертіс өзені сағасы;
• Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ауданындағы арал маңындағы су айдыны;
• Сол жағалау ауданындағы Ертіс өзенінің бойы;
• Самар тас жолының бойындағы су айдыны;
• Лесхоз кентіндегі су қоймасы;
• Өскемен ГЭС-і ауданындағы Ертіс өзенінің бойы;
• Бабкина мельница ауданындағы су қоймасы.