KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.31 533.96 5.3

Түрмедегі ана балаларын 11 жылдан кейін Skype арқылы көрді - ШҚО

18.05.2020, 05:11 255

ШҚО-да 156/21 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушы Лариса Антонюк түрме қызметкерінің арқасында 11 жылда алғаш рет өзінің балаларын Skype арқылы көріп, тілдесті.

Павлодар облысында Екібастұз қаласында тұрып, түрікмен азаматына тұрмысқа шығып, кейін Лариса отбасымен Түркіменстанға көшкен.

"Күйеуімнің ата-анасы ол жақта мені қабылдамады. Ол - ол ма күйеуімнің нашақор екенін білдім. Күн сайын мені ұрып, есірткі талап ете бастады. Кезекті жанжалдардың бірінде төрт баламды қорғаймын деп, өлтіріп алдым", - дейді сотталушы Лариса.

Сотталған кезде жас ананың кішкентай ұлы небары 2 жаста болған. Қазір жасы 14-те. Балалары балалар үйінде тәрбиеленіп, кейін шешесінің туған сіңлісінің, одан кейін Лариса Антонюктің үлкен қызының қамқорлығына көшті.

Ларисе Антонюкке Түрікменстанның соты күйеуін өлтіргені үшін 21 жыл жазасын өтеуге кескен. Берілген мерзімнің бір бөлігін өтегеннен кейін Қазақстан азаматы ретінде елге экстрадициялады.

"Балаларым да туған жеріміз - Екібастұзға оралды. Қазір балаларыма үлкен қызым қамқоршы болып, менің бере алмаған тәрбиемді, қолдауымды беріп жатыр. Қызым тұрмыста, немерем бар. Балалармен кездесетін күн – өмірімдегі ең бақытты күн болатын шығар, - деді Антонюк.

Осылайша түрме қызметкерлері ананың сағынышын басу үшін балаларымен онлайн кездестірді.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне маған көрсеткен көмегі үшін өте ризамын. Бұрын балалармен тек телефон арқылы сөйлескенмін, ал жүздесуге олардың мүмкіндіктері жоқ". - дейді Лариса.

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында сотталған азаматтар туыстарымен Skype арқылы сөйлестіріп отырды. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу