Өскемен-Риддер тас жолындағы апатта бір адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатында 37 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жол апаты Өскемен-Риддер тас жолының 22-шақырымында болған.
ШҚО ПД баспасқз қызметінің ақпараты бойынша, oyota автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Риддер қаласы жақтан келе жатып, қарама-қарсы жолға шығып кеткен. Нәтижесінде «Honda» көлігімен соқтығысқан.
«Toyota» көлігінде отырған 37 жастағы жолаушы әйел ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.
Оқи отырыңыз