KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да жол апатында бір адам қаза болды (видео)

4.01.2020, 06:56 230

Өскемен-Риддер тас жолында болған жол апатында әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 1 қаңтар күні сағат 12:30-да тас жолдың 65-шақырымында Зимовье ауылының тұсында болған. Өскемен қаласынан Риддерге қарай бағытта келе жатқан Toyota Carina автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru Forester көлігімен соқтығысқан.

Toyota Carina көлігінде отырған 37 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жоалушы, оның ішінде екі кәмелет жасқа толмаған бала түұрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив