KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да тағы бір адам коронавирус жұқтырды

16.05.2020, 09:32 116

Шығыс Қазақстан коронавирусты жұқтырған тағы 1 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол - 1972 жылғы Семей қаласының тұрғыны. Ер адам бұған дейін коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған азаматтар тобына кірген.

Ұлттық сараптама орталығының филиалында ПТР әдісімен өткізілген сараптама коронавирус инфекциясының оң нәтижесін көрсетті. Қазіргі уақытта науқас оқшауланып, ем алуда. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Облыста коронавирусты жұқтырғандардың саны 57 адамға жетті, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 21.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу