ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 200-ге жетті
ШҚО-да бүгін тағы 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеті науқас Семейде, бір науқас – Өскеменде және тағы бір науқас - Тарбағатай ауданында тіркеліп отыр.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша Тарбағатай ауданында тіркелген науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалғандары денсаулығы нашарлауына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Облыс аумағында коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 199 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны - 66.