ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың бірі – Өскемен тұрғыны
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын тағы 7 адам жұқтырды. Оның ішінде бір науқас – Өскемен қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бесеуі Семей қаласының тұрғыны. 1980 және 1964 жылғы әйел адамдар ауруханаға бастапқыда ЖРВИ ауру белгілерімен түскен. Кейінірек Covid-19 диагнозы расталды. Сондай-ақ 1959 жылғы ер адамнан пневмонияға байланысты мониторинг жасау кезінде, 1973 жылғы ер азаматқа скрининг жасау барысында ауру белгілері анықталды. Ал 1980 жылғы әйел адам бұрын коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексерілген.
Ал алтыншы науқас – 2016 жылғы алматылық қыз бала. Ол ауыл шекара бекетінде шет елден келген азамат ретінде тексерілген. Ауру белгілері анықталғаннан кейін Өскемен қаласына карантинге жатқызылды.
Ал 1984 жылғы Өскемен қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан келгеннен соң өз өтініші бойынша тексеруден өткен.
Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Бүгінде облыста аумағында коронавирусты жұқтырған 73 адам тіркелді.