ШҚО-да тағы 40 адамнан коронавирус анықталды
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Науқастардың ішінде: 16 адам - Семей қаласынан, 13 адам - Өскемен қаласынан, 4 адам - Аягоз ауданынан, Көкпекті, Алтай аудандарынан - 2 адамнан, Зайсан, Бородулиха, Ұлан аудандарында - 1 адамнан.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 13 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 25 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 2 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Облыста коронавирусты жұқтырғандардың саны 649 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 185.