Өскемен тұрғыны бесінші қабаттан секірмек болды
Өскеменде ер адам бесінші қабаттағы балконнан секіріп, өмірмен қош айтыспақ болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Оқиға 11 мамырда болған. Полицияға әйел адам қоңырау шалып, жақын адамының терезеден секірмек болғаны туралы хабар береді. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жіберілді. Тергеу Данияр Ахметжанов пен полиция қызметкері Диас Абдрахманов бесінші қабаттағы пәтерге кіріп, өзіне қол жұмсамақ болған адамды сөзге тартады. Әңгіме барысында олар ер адамды райынан қайтарып, балконның терезесінен түсіріп алған екен.
Оқи отырыңыз