Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды мақтап жатыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ханс Клюге Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстанда COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға белсенді атсалысып жатқан ел ретінде келтірген. Ол Қазақстанның нақты қай шараларына жоғары баға беретінін атап өтті:
Күшейтілген бақылау;
Жаппай сараптама өткізу, оның ішінде медициналық қызметкерлер бар;
Мәліметтердің сандық жиынтығы;
Дерттің алдын алып, науқаспен байланыста болған адамдарды бақылау;
Науқастарды дұрыс емдеу;
Зерттеу жүргізу.
Айта кетейік, cоңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 279-ға жетті, 32 адам қайтыс болып, 2 223 адам айықты.