Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 30 адам қайтыс болған
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік мәліметінше, коронавирустан 22 адам, ал пневмониядан 8 адам қайтыс болған.
Қазақстанда 1423 адамнан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 100 855-ке жетті. Коронавирус жұқтырған 74 677 адам аурудан айықты, 1 269 науқас қайтыс болды.