ШҚО-да 44 жастағы ауыл тұрғынын көлік қағып кетті
Шығыс Қазақстан облысында 44 жастағы ауыл тұрғынын көлік қағып кетті. Еңкейіп темекісін алмақ болған жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 26 сәуір күні сағат 21.40 шамасында Шемонайха ауданындағы ауылдардың бірінде болған. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген ер адам көше қиылысына келегенде темекісін алу үшін бір сәтке жолдан көз айырған. Дәл осы сәтте абайсызда жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан бірден бой тасалаған. Ал 44 жастағы зардап шегуші түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға түседі.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына кінәлі 63 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.