KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

Өскеменде 19 жастағы бозбала 9-шы қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

16.07.2019, 11:41 216

Оқиға 15 маусым күні таңғы уақытта болған. 112 желісіне жас жігіттің 9 қабатты үйдің подъезіндегі терезеден секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түсіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлімдеп отыр.

Оқиға орнына құтқарушылар құтқарушы отрядтың психолог маманы келіп жетті. 19 жастағы бозбала терезенің алдына отырып алған екен. Біреудің сөзіне құлақ асуға ниеті жоқ екенін ол бірден білдірген.

Психолог маман оны әңгімеге тартып тұрған кезде құтқарушылар жасырын түрде үйдің шатырына шығып, арнайы жабдықтар арқылы қабырғамен төмен түсуге дайындалады. Басты мақсат – жігітке қабырға арқылы байқатпай жақындап келіп, подъездің ішіне қарай кенеттен итеріп, құлатып жіберу. Бұл жоспар сәтті жүзеге асырылып, құтқарушылар жігітті аман алып қалды.

Есін жиған бозбала өмірмен қош айтысуға қайта талпынбаған екен. Қазір онымен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу