Өскеменде "Сергек" камералары төрт айда 1600 құқық бұзушылықты тіркеді
Өскеменде "Сергек" камералары жыл басынан бері 1600-ден астам құқық бұзушылық фактілерін тіркеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Сергек" жобасында қаланың әр түрлі аудандарында жалпы қауіпсіздікті бақылайтын 1700 камера, жолдардың қиылыстары мен белгіленген жолдарда орнатылған 620 камера бар. Барлыө мәліметтер Ведомствоарылқ бірыңғай ситуациялық орталыққа беріледі. Мұнда лауазымды органдар қаладағы жағдайға баға беріп, тәртіптің сақталуын қадағалайды.
Жыл басынан бері «Сергек» камералары арқылы 25 қылмыс ашылып, 1620 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген екен. Мысалы, автокөліктердің номерлерін шешіп алып, қожайындарын бопсалау фактілері, ұрланған көлікті анықтау, ер адамды соққыға жыққан бұзақыны іздеп табу және т.б. істер ашылған.