Мамырдың жол жүру билеттерін қайтаруға және айырбастауға болмайды
Өскемен қаласының Жолаушы тасымалын басқару орталығы мамыр айына сатып алынған жол жүру билеттерін қайтаруға немесе айырбастауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемендіктердің көп бөлігі мамыр айына арналған жол жүру билеттерін сатып алып қойған екен. Қазақстанда төтенше жағдай режимінің ұзартылуына байланысты ол билеттерді пайдаланылмайтын болып тұр.
- Жол жүру билеттерін қатаруға және айырбастауға болмайтыны туралы ескерту автобустарда ілініп тұр. Адамдар оны өздері де көріп жүр. Қажетсіз болып қалатынын біле тұра, неге билет сатып алған? Мамырдың жол жүру билеттері қайтарылмайды және ауыстырылмайды, - дейді Жолаушы тасымалын басқару орталығында.