KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1,8 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде көше қиылыстары жөнделіп жатыр

28.04.2020, 05:07 200

Өскеменде көше қиылыстары жөнделіп жатыр. Жұмысшылар бұрылыстарды көлік қозғалысына ыңғайлы етіп жөндейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазір Қазақстан және Қабанбай көшелерінің қиылысында, Орталық универсамның алдындағы алаңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бұрылыспен Қазақстан көшесінен Кемейжай жаққа бет алған көліктер жүре алады. Қиылыстың екінші жағында тағы бір бұрылыс салынады. Онымен Қабанбай батыр көшесінен «Юбилейный» кинотеатрына қарай жүруге болады.

Тағы алты қиылыста осындай жұмыстар атқарылады. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Жауық арада Сәтпаев-Қазыбек би қиылысында, Қазақстан көшесінен Горький арқылы Пермитин көшесінен бұрылатын тұста тиісті жұмыстар басталады. Сондай-ақ Чехов пен Горький және Чехов пен Жеңіс даңғылы қиылысатын жерлерде жаңа бұрылыстар ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив