"136 көшеге жаңа шам". Семейде абаттандыру басталды
Семейде абаттандыру жұмыстары басталды. ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев сөзінше, сәуірдің аяғына дейін Жеңіс саябағы қалпына келтіріледі,
– Абай, Әуезов алаңдары, салынып жатқан мешіт маңы және бірінші шағынаудандағы жағалауды көгалдандыруға топырақ тасып жатырмыз. Мамыр айынан бастап ол жерлерге түрлі гүл егіледі, – деді ол.
Айтуынша, жазда көп күттірген орталық саябақ ашылады. Сонымен бірге Шайжүнісов – Ибраев көшелерінің аралығына «сужаңа» Арбат салынады.
Сонымен қатар қаладағы 136 көшеге жаңа шам орнатылып, төрт көшенің шамдары ауыстырылады.
Оқи отырыңыз