"Қазақстан" тауына шықпауды сұраймыз – Өскемен ТҮКШ бөлімі
Өскемендегі «Қазақстан» тауының алаңында жөндеу жұмысы басталды.
Қаладағы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, тау үстіндегі алаң мен бағаналар жөнделеді. Елтаңба ауыстырылып, жаңа орындықтар орнатылады. «Қазақстан» жазуы да ауыстырылады.
«Жұмыс мамыр айының аяғына дейін болады. Сол себепті тұрғындардан уақытша тауға шықпауды сұраймыз», – дейді бөлім мамандары.
Оқи отырыңыз