ШҚО-да заңсыз қару ұстағандар жауапқа тартылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз қару ұстағандар жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде өңірде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталауын қатаң қадағалауда. Кезекті бір тексеру кезінде бірқатар азаматтардың үйінде заңсыз түрде қару сақтағап келгені анықталды. Олардың қатарында Глубокое, Алтай, Бесқарағай аудандары мен Риддер қаласының тұрғындары бар. Барлығы 3 тапанша, 250-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.
ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметовтың айтуынша, заңсыз сақталған қарулар қандай да бір қылмысқа түрткі болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.