Алдағы күндері қар жауады – Қазгидромет

Синопитиктер 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Қазгидромет" ақпараты бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағында қар мен бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін.
Синоптик мамандардың болжамына сүйенсек, ауа райына Солтүстік циклонның әсері басым болады. Кей жерлерде қалың жаңбыр жауып, қарға ұласады. Солтүстік аймақтарда екпінді жел соғады деп күтілуде. Республиканың кей бөліктерінде бұршақ жаууы ықтимал. Дегенмен, келесі антициклонның әсерінен жауын-шашын тез тоқтайды екен.
Жалпы осы айда ауа райы жылы, күн ашық болады деп болжануда. Кей аймақтарда ауа температурасы 30 градусқа дейін жылынуы мүмкін.