KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Қала көшелері түнде дезинфекцияланады - Өскемен

23.04.2020, 08:36 209

Өскемен көшелеріне түнгі уақытта дезинфекция жасалып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желіде хабарлады.

"Арнайы топ әр күні түнгі уақытта белгіленген аумақты дезинфекциялайды. Бұл - вирустың таралу қаупін сейілту үшін істеліп жатқан шара. Негізінен тротуар, аялдама сынды жаяу жүргіншелер көп жүретін жерлерді тазартуға баса күш саламыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгінге дейін Нұрмағамбетов, Горький, Чехов, Арбат,  Сәтпаев, Молдағұлова, Энтузиастов, Зайсан, Базовая, Рижская көшелері тазартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу