Өскеменнің ең қараңғы көшелері жарықтандырылатын болды
![](/kz/uploads/posts/iblock/805/805dd4c55e54776d5af7ae0f33d8bbc3.jpg)
Иә, енді қаланың тас қараңғы көшелеріне жап-жарық шамдар орнатылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізде болса 2018 жылы қала бойынша 511 шам, ал былтыр 17 мың шам орнатылған еді. Шаһар басшысы Жақсылық Омар, биыл жарықтандыру жұмысы жиырма бес шақырымға дейін жетеді деп отыр. Бұл көбінесе №№ 7, 8, 9 бұқаралық спортты дамыту жөніндегі орталықтардың қарамағындағы аудандар (Жергілікті өзін-өзі басқару).
Теміржолшылар, Тынышпаев, Косарев, Грейдерная, Бажов көшелері (№№345, 345/1, 345/3 үйлері және әуежай бұрылысынан, қаладан шыққанға дейінгі аумақ), Нефтяной, Пограничная, Вострецов көшелері. Сондай-ақ, шамдар Садовая көшесіне де орнатылады.