KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Мектептерде соңғы қоңырау болмайды

18.04.2020, 08:17 2 023

Қазақстанның мектептерінде 25 мамырда соңғы қоңырау болмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Бұған дейін мектеп бітіруші түлектердің қорытынды емтихан тапсырмайтыны, ал бағаны олардың жылдық үлгерімі бойынша қоятыны туралы хабарланған еді.

- Соңғы қоңырау – оқу жылының соңында өтетін мерекелік шара. Оған мұғалімдер мен оқушылар қатысады. Бірақ қашықтықтан оқыту кезінде жағдай өзгеріссіз қалатын болса, бұл шара ұйымдастырылмайды, - деді вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу