Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер беріледі
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру жөнінде мыңдаған өтініш келіп түсті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төтенше жағдай кезінде бизнес иелерінің несие жүктемесін жеңілдету бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушысы Қорға қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттармен қоса өтініш жазуы керек. Өтінішті шаруалар электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жібере алады. 7 жұмыс күні ішінде Қор өтінімді қарап, жауап береді.
Төлемді уақытша тоқтата тұру клиенттің несие тарихына кері әсер етпейді.
BAQ.KZ