KZ
Өскемен
-15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
527.23 544.05 5.05

ШҚО-да 83 мың текше метрден астам қар шығарылды

Кеше, 12:00 125 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы су тасқынының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында жаз-күз мезгілдерінде қалалар мен аудандардың су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлары аясында 33 іс-шара жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 55 инженерлік жұмыс орындалды, автомобиль жолдарында алдын алу шаралары жүргізіліп, зардап шеккен учаскелер қалпына келтірілді, су өткізу құрылыстары ауыстырылды.

 

Ерекше назар жағалауды бекіту үшін маңызды деңгейден жоғары дамбаларды нығайтуға аударылды. Жағалауды бекіту бойынша 64 шақырым жұмыс, дамба, үйінді және бөгеттер салу бойынша 36 шақырым жұмыс, өзен арналарының 19 шақырымы тазартылды, 58 шақырым арықтар мен каналдар салынды, 3 көпірге жөндеу жүргізілді және басқа да шаралар атқарылды.

 

Аймақта гидропосттардың бастапқы деректерімен, болжау элементтерімен және су тасқынына қарсы жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратпен цифрлық карта әзірленуде.

 

Қазіргі уақытта 83 мың текше метрден астам қар шығарылды, қап, инертті материалдар мен жанар-жағармай қорлары жасақталуда. Облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты.

Дереккөз/фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу