KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
478.93 534.96 5.16

Рұқсат қағазында көрсетілген күндері блок-посттан өтуге және саяжайға баруғаболады

15.04.2020, 06:02 143

Өскемен тұрғындары рұқсат қағазында көрсетілген күндері блок-посттардан өтіп, саяжайларға бара алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің Инстаграм-аккаунтында мәлім етті.

Қала ішінде саяжай учаскелеріне дейін рұқсат қағазы арқылы жетуге болады, яғни тақ не жұп күндері. Сондай-ақ, жеке автокөлікті пайдалануға және отбасымен бірге шығуға болады. Жолда блок-посттардан да өтуге рұқсат етілген. Жеке көлікпен демалыс және мереке күндері жүруге тиым салынған.

15 сәуірде қала маңына шығатын 352-ші автобус маршруты, 18 сәуірде – 417-ші маршрут жүре бастайды. Олардан бөлек, 7а, 4а, 25а маршруттары да қайта іске қосылады.

Дегенмен, қалалық штаб тұрғындарды вирустың таралу қаупіне жеңіл қарамауды ескертеді. Саяжай учаскелеріне қажеттілік бойынша ғана бару керек және басқа адамдармен байланыс барынша шектелгені жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив