KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да демалыс күндері қала сыртына шығуға рұқсат берілді

13.05.2020, 03:38 230

Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық-дәрігері демалыс күндері қала сыртына шығуға рұқсат берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы маманның кеше жарияланған №7 қаулысында жазылған. Яғни тұрғындар қала сыртындағы саяжайларына өз автокөлігімен бара алады. Тек көліктің мемлекеттік тіркеу номері тақ санға аяқталса тақ күндері, ал жұп санға аяқталса жұп күндері шығуға ғана рұқсат бар. Осы ереже сақталса, демалыс күндері, тіпті мерекелерде де қала сыртына шығуға болады.

Алайда эпидемиялық қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы тиіс:

- жеке тұлғалар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр қамтамасыз ету кезіндеболуы тиіс;

- кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе 18 жастан асқан туысқанының біреуі жанында болмаса көшеде және

қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынады.;

- 65 жастан асқан қарттардың адамдар көп жиналатын жерлерге бармағаны абзал;

- саяжай учаскелеріне бөгде адамдарды шақыруға және мерекелік-демалыс іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;

- бау-бақша кооперативтерінің (серіктестіктердің) ішінде жүріп-тұруы шектеледі);

- тұрғындар қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағып жүруі тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив