KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да мереке күндері мен демалыста жеке көлікті пайдалануға рұқсат берілмейді

30.04.2020, 08:33 135

ШҚО-да мереке күндері мен демалыста жеке көлікпен жүруге әлі де рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамыр айындағы демалыс күндерін қала тұрғындары жиі саяжайларда өткізетіні белгілі. Алайда биыл қала сыртындағы саяжайларға жету қиыға соғады.

Демалыс пен мереке күндері жеке көлікпен жүруге тыйым салынған. Ал қоғамдық көліктер барлық бау-бақшаға жеткізе алмайды. Оның үстіне, саяжайға бару уақыты рұқсат қағазындағы жұп-тақ күндермен сәйкес келуі тиіс.

Алдағы күндері төтенше жағдай режимінің біраз жеңілдетілетіні белгілі болды. Осы ретте өскемендіктер әлеуметтік желілер арқылы облыс басшлығы мен жедел штабтардан мереке күндері блокпост арқылы өтуге рұқсат беруді сұрап отыр.

- Енгізілген қатаң шектеу шараларының арқасында облыста вирус жұқтырғандардың саны төмен екенін естен шығармау маңызды. Жұп және тақ күндері жүру адамдар мен көліктің ағынын азайтты. Толықтай шектеуді алу туралы айту әлі де ерте. Қауіпсіздік туралы ұмытпай, абай болған жөн. Ел саяжайға ағылып, онда адамдар ауыра бастаса ше? – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив