ШҚО әкімі полицияның жұмысына түсіністік танытқан тұрғындарға алғыс білдірді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қараған аймақ тұрғындарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Еске салайық, 13 сәуірден бастап Өскемен және Семей қалаларында тәртіп сақшылары тұрғындарды тоқтатып, қашықтан дене қызуын өлшейтін болды.
– Біздің өңірге қашықтан дене қызуын өлшейтін мың термометр сатып алынды. Заманауи градусниктер барлық патрульдік қызметке, учаскелік полицияға және қалалар мен аудандардағы медициналық мекемелерге таратылды. Бұл жұмыстарға түсіністікпен қараған аймақ тұрғындарына ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің алдын алу және шектеу шараларының маңызын жете түсінетіндеріңізге сенемін. Мұның барлығы өңірдегі әрбір тұрғынның өмірі мен денсаулығы үшін жасалып жатыр, – деп жазды Даниал Ахметов Instagram парақшасында.