KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Даниал Ахметов Семейдегі тігін фабрикасының жұмысын сынға алды

26.03.2020, 05:33 154

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семейдегі тігін фабрикасының жұмысы сын көтермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

– Жаңа оқу жылынан бастап біз аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы оқушыларды мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етуіміз керек. Осы мақсатта бюджеттен 440 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ бұл киім-кешектердің  отандық өндіруші, яғни Семей фабрикасында тігілгенін жөн санадық. Алайда аталмыш кәсіпорынның жұмысына, киімінің сапасына көңіліміз толмады. Сондықтан мен сапалы әрі заманауи мектеп формасы мен аяқ киімнің үлгісін әзірлеуге бір ай уақыт бердім, – деп жазды Даниал Ахметов Instagram парақшасында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив