KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО әкімі қала тұрғындарына алғыс айтты

6.04.2020, 04:14 168

ШҚО әкімі қала тұрғындарына шектеу шараларына түсіністікпен қарап,  талаптарды орындап, тәртіп бұзбағандары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Өскемен және Семей көшелерінде жекеменшік көліктердің қозғалысы шектелгені белгілі. Осыған түсіністікпен қарап, бірінші күннен бастап тәртіп сақтағандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Алайда өмірде шектеу шараларына «бағынбайтын» адам денсаулығына қатысты ерекше жағдайлар болады. Айталық перзентханадан немесе ауруханадан шығу. Мұндай қысылтаяң кездерде полиция қызметкерлері әрқашан көмек көрсетеді. Біз бүгін тұрғындарың саналы түрде өз денсаулығын қорғауға көшкенін көрдік, – деп жазды Даниал Ахметов Instagram парақшасында.

Аймақ басшысы азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен өзге де тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер үздіксіз жұмыс істейтінін атап өтті.

– Өскемен және Семей қалаларында демалыс және мереке күндері жекеменшік автокөлікпен жүруге тыйым салынғанын естеріңізге саламын. Ал жұмыс күндері тек рұқсаттама бойынша жүруге болады. Сондай-ақ түнгі сағат 21.00-ден таңғы сағат 5.00-ге дейін көлікпен жүруге мүлде тыйым салынады, – деді облыс әкімі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив