KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

"Техосмотр өтіп кетсе" ТЖ кезінде ешқандай жеңілдік жасалмайды

9.04.2020, 05:39 421

ҚР ІІМ төтенше жағдай кезінде жүргізушілерге еш жеңілдік жасалмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Колеса сайты жазады.

Қазақстанда 16 наурыз күні төтенше жағдай жарияланып, әр өңірдегі техникалық байқау орталықтары жабылған болатын. Алматылық полицейлер карантин кезінде машиналардың көбі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медицина мамандарын тасымалдау үшін қолданылатындықтан техникалық тексеріс мерзімі өтіп кеткендерді жазаға тартпайтынын айтқан-ды. Оның үстіне, көліктің техникалық жағдайын тексеретін жер де жоқ. Бірақ ҚР ІІМ бұл мәселеге келгенде қаталдық танытуда.

«Қазіргі уақытта көлік құралдарының техникалық тексерістен өткенін тексеруге мараторий жарияланған жоқ. ҚР Жол қозғалысы ережелерінің көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерінің 14.5-тармағына сай, шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, міндетті техникалық тексерістен өтпеген көлік құралдарын басқаруға тыйым салынады», — деп мәлімдеді мекеме мамандары.

Ақ жағалылар Kolesa.kz тілшісінің сұранысына берген жауабында халыққа төтенше жағдай кезінде көмек беріп жатқан машиналарға қандай да бір жеңілдік жасалатыны жайлы сөз қозғамады. Баспасөз қызметі техникалық тексерістен өту ережелері туралы сұрақты құжатты әзірлеген орган — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қойған жөн болатынын атап өтті.

Ал ҚР ИИДМ карантиндік шектеулерді олар емес, мемлекеттік комиссия енгізгенін және техникалық байқаудан өту ережесінің күшін жоюдың әзірше жоспарда жоқтығын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБК-нің 590-бабына сәйкес, Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару — 5 АЕК (13 255 теңге) мөлшерiнде, ал әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет — 20 АЕК (53 020 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Оның үстіне, талапқа сай келмейтін көліктің нөмірлері алынып, тексерістен өткен соң ғана қайтарылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу