ТЖ кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды
Төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болып табылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ТЖ аяқталған күннен бастап екі ай ішінде ауыстыруға болады.
Қаулы бойынша 10 шілдеге дейін жарамды деп танылған құжаттар:
1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;
3) азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;
4) кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.