Төтенше жағдай кезінде жеке таксиге қажетті құжаттар – Полиция
Төтенше жағдай кезінде жеке таксишілердің қандай құжаты болуы керек екенін полиция түсіндіріп берді.
«Шектеу шаралары енгізілген аумақта таксидің төбесінде «taxi» белгісі, мәшиненің бүйірінде шахмат тәрізді шақпақ жолақ болуы шарт. Сонымен қатар таксишінің өзінде қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тіркелген борт журналы болуға тиіс», – деді полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі жол және техникалық инспекция бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.
Айтуынша, жүргізуші күн сайын борт журналына дәрігер мен механиктің рұқсат белгісін қойғызып отырады. Әйтпесе көліктің рұқсат қағазы тәркіленеді.