KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Өскеменде 7 көше жөнделеді

9.04.2020, 04:41 222

Өскеменде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Биыл жеті учакскені жөндеу жоспарланған.  Коронавирустың алдын алуға бағытталған шектеулерге байланысты асфальтта автокөліктің азайғаны жол жөндеушілерге қолайлы болып тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Барлық жұмысты жаздың ортасына дейін аяқтау үшін екінші жыл қатарынан жол жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастадық. Коронавирустың алдын алуға бағытталған шектеулерге байланысты қалада автокөліктердің саны азайғаны белгілі. Бұл жөндеу жұмыстарының қарқынды жүруіне септігін тигізеді, – деп мәлімдедім Өскемен қаласының әкімдігі.

 Айтып өткеніміздей, биыл жеті учаскеде орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның бесеуінде мердігерлер іске кірісіп кетті:

Бажов көшесі (Назарбаев даңғылынан Абай даңғылына дейін);

Қабанбай батыр көшесі (Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейін));

Шоссейная көшесі;

Ярославская көшесі;

Виноградов көшесі (Назарбаев даңғылынан Грузинская көшесіне дейін));

Ушанов алаңы;

ҮМЗ аумағын айналып өтетін тас жолы учаскесі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив