KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, З
498.55 524.28 4.75

Өскеменде коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

23.04.2020, 03:54 121

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір фактісі расталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыс әкімінің баспрасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Қауіпті инфекция Өскемен қаласының тұрғынынан анықталып отыр. 1971 жылы туған ер адам COVID-19-ға 21 сәуірде расталған жағдай бойынша жақын байланыста болғандықтан тексеруден өткен. 22.04.2020 жылғы анализ қорытындысы оң нәтиже көрсетті,-деп жазады баспасөз қызметі.

Эпиданамнез бойынша ол облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Науқас оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру шаралары қарқынды түрде жүргізілуде.

Осы уақытқа өңірде жалпы алғанда 12 коронавирус дертін жұқтырған адам тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу