KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Семейде коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырды

17.05.2020, 09:05 136

Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

1983 жылғы әйел адам ЖРВИ белгісімен медициналық мекемеге жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсетті.

Науқас инфекциялық стационарға орналастырылды. Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, шет елдерге шықпаған.

Байланыста болған адамдар анықталуда және оларды емдеуге жатқызу, талдау алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста COVID-2019 коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 адам тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу