KZ
Өскемен
-28°
туман жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

ШҚО-да сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

6.04.2020, 08:07 847

Шығыс Қазақстан облысында қатардағы жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3 сәуір күні 5511-әскери бөлімдегі қатардағы жауынгер әскери атыс алаңынан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

 «5511-әскери бөлімінің жеке құрамы қатардағы жауынгерді 2020 жылдың 5 сәуірінде сағат 17.10 шамасында Знаменск кентінде (Семей қаласынан 60 шақырым қашықтықты) қолға түсірді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 441-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ қызметтік тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу