Бүгін Brent маркалы мұнай 9%-ға, WTI мұнайы 10%-ға арзандады
![](/kz/uploads/posts/iblock/5f9/5f9aef8fecb62fa4f754049c5b9b1689.jpg)
Бүгін Brent маркалы мұнай 9 пайызға, ал WTI мұнайы 10 пайызға арзандады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сағат 10.00-дегі сауда-саттық бойынша Brent маркалы мұнайдың баррелі 33,53 доллар болды. Бес сағат бұрын оның құны 30, 82-31,69 долларға дейін төмендеген еді.
Ал өткен түнде 25,96 долларға дейін құлдыраған WTI маркалы мұнайдың баррелі қазір 27,23 доллар.
Естеріңізге саламыз, қара алтын құны МЭЕҰ форматындағы келіссөздердің «жандануына» байланысты төмендеуде. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының отырысы 6 сәуірден 9-ына шегерілді.
Оқи отырыңыз